Ойын барысында жанкүйерлер белсенді болды.

фото astana_news

Елордалық жанкүйерлер  матчтан кейін стадионды қоқыстан тазартып, жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Астана әкімдігінің телеграм арнасына сілтеме жасап. 

10 қыркүйек күні Астана қаласында футболдан матч өтті. Астана Арена стадионындағы 30 мың билет толықтай сатылып кеткен. Ойын барысында жанкүйерлер белсенді болды. Матч аяқталған соң футбол жанкүйерлері сол жердегі қоқыстарды тазартты. Бұл ісі арқылы барша халыққа үлгі болды. Елордалықтардың бұл әрекетіне бүкіл ел сүйсінді. 

Бұған дейін кеше болған матчқа байланысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футболшылар мен жастарды мақтан тұтатынын  жазған едік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!