Жаңақорған ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орта­лығы» КММ ұйымдастыруымен қайырымды істер марафоны аясын­да “Ерекше жандар туындылары” тақырыбында мүмкіндігі шектеулі жан­дардың қолынан шыққан бұйым­да­рдың әлеуметтік жәрмеңкесі өт­ті.

Жәрмеңкеде Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінің студенттері өз бұйымдарын халық назарына ұсынды. Жас тігіншілердің құрақ көрпешесі, қолсөмкесі, төсеніші т.б. қолдан жасаған бұйымдары ерекше сұранысқа ие болып, 1 сағат ішінде саудаланып кетті.

Ауданда 2000-нан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Арасында қолынан сан түрлі өнер келетін жастар көп. Өнерлі жастарды қоғамға араластыру үшін осындай түрлі жәрмеңкелер мен көрмелер т.б. шаралар өткізу жолға қойылған.