Қызылорда Қоғамдық телеарнасының белгілі журналисі, блогер Назгүл Қажытаева ерге тән ерлігімен көпті тәнті етті. Тілшілік тіршіліктен бөлек, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген ол, адам өмірін сақтап қалуға себепші болды

. Оның айтуынша, желіде көмек сұрап көптеген жандардан хат келеді екен. Сондай жайттың бірі қараша айында орын алған. Айтуынша, қызылордалық тұрғынның жақын туысы таңертең үйден шыққанан кешке дейін оралмағанын хабарлап, жәрдем беруін сұраған. Осылайша Назгүл Қажытаева өзінің парақшасында із-түссіз жоғалған адамды жариялап, іздеу жұмыстарына атсалысқан. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғам тв» телеарнасының тілшісі Назгүл Қажытаева оқиға барысын баяндады.

-Мен жұмыстан тыс уақыттарда әлеуметтік желілерде белсенділік танытамын. Өздерінің мәселелері бойынша жазған жандарға қол ұшын созуға тырысамын. Осы жылдың қараша айында жоғалған адамды іздеу мақсатында туыстарының айтуы бойынша полиция бөлімшесіне бардым. Осылайша бейтаныс адамды бөлініп тез арада іздеуге кірістік. Бас аяғы 40 минуттың ішінде жоғалған адамды дария жағасынан таптық. Әлгі кісіні туыстарымен бірге судан алып шыққан бойда дереу ауруханаға жеткіздік. Дәрігерлер лезде алғашқы көмек жасап, адам өмірін ажалдан сақтап қалды. Осы жағдайдан кейін әлеуметтік желіде көмек сұрап хат жазатын адамдар қатары көбейді. Бәріне бірдей көмектесе алмасам да қолымнан келгенше аянбай қол ұшын созамын, – деді журналист Назгүл Алмабекқызы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!