Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Президентпен кездесуге кешігіп қалғанын айтып, өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін Мемлекет басшысына сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мен кездесуге үлгермей қалдым. Ол кезде дәретханаға кеткен едім”, – деді жеткіншек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Prometheus school мектебіне барған болатын.Президентпен кездесуге кешігіп қалған 3-сынып оқушысы Сәлім Көпеев өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін Мемлекет басшысына сыйға тартты. Ол органайзерді әкесімен бірге жасағанын айтты.

«Әдетте партаның үстінде оқушыға арналған заттар шашылып жатады. Сондықтан да әкем екеуміз осындай органайзерді құрастырдық», – деді Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев.

Мемлекет басшысы оқушыға сыйлығы үшін алғыс айтып, табыс тіледі.

«Әкеңе сәлем айт. Ол жақсы жұмыс істепті»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!