“Сыр үміті” жастар қауымдастығы “Кітап құрттарымен” бірлесіп “Qosyl” қалалық жастар орталығында “Кино эстафета” сайысын өткізді.

Үш кезеңнен тұратын командалық сайыс өте қызықты өтті. Бірінші кезең “Кинотарих” деп аталды. Онда командалар отандық және шетелдік кинолар мен оның тарихы туралы сұрақтарға жауап берді. Екінші кезең OST-SCORE кино әуендерін табу болса, үшінші кезең кино диалог болды.

Жеңімпаз командаларды облыстық мәслихат депутаты, “Сыр үміті” жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев арнайы “Кітап ал” дүкенінен кітап сатып алу үшін 20 000-10 000 теңге аралығындағы сертификатпен марапаттады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!