“Бизнеске арналған үкімет” ғимаратының ашық алаңында қала әкімі Асылбек Шаменов кәсіпкерлерді салалық мәселелері бойынша қабылдады.Бүгінгі кездесуге 30-дан астам кәсібін бастаған тұрғындар келді. Олар несие алу, кәсіп жүргізуге қажетті жер телімін рәсімдеу, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау алу туралы мәселелермен жүгінді. Шаһар басшысы қабылдауға келгендерге жан-жақты түсіндірме жасап, кәсіпкерлерге және жаңадан кәсіп бастағандарға барынша қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Айта кету керек, қала әкімінің кәсіпкерлік мәселелері бойынша қабылдауы ай сайын өткізіліп тұрады

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!