«QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Әбілхан Қастеев атамыздың өнер мұражайына онлайн экскурсия өткізілді. Тікелей эфирге 500-ге жуық мектеп оқушылары мен қала жастары қамтылды.

Әбілхан Қастеев атамыздың  өнер мұражайы – 1976 жылы                    Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының (1935 жылы қаланған) және Республикалық қолданбалы өнер музейінің (1970 жылы қаланған) қоры негізінде қаланған. Жас буын атамыздың мұражайын көрумен ғана тоқталмай, тарих сахнасында да өз орнын таңбалап кеткендігіне көз жеткізді. Жастар мұражай ішінде 400-ден аса акварельдік және кескіндеме туындылары, фотоқұжаттар, суретшінің жеке заттарымен танысып, мұражайдың үлкен төрт залдарына қойылған кинохроникағада көз сала кетті. Қазіргі таңдағы музейдің қоры өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен көптеген әлемдік жинақтардан еш қалыспайды.

Ұлт көсемі болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың туған күніне орай, Д. Қонаевтың мұражай үйіне онлайн саяхат жасауды да біз қолға алдық. Кездесу үстіміздегі жылдың 19 қаңтар күні сағат 15.00-де  орталықтың @Qosyl.mrc инстаграм парақшасында тікелей эфирде өтетін болады. Құр қалмаңыздар.

 Бекен Ғалымжанұлы,

 «QOSYL» қалалық жастар ресурстық

орталығының маманы