«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы темір жол билеттеріне күзгі жеңілдіктер жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы «Тальго» пойыздарының үш бағытына күз мезгіліне арналған жеңілдіктер енгізеді, ол осы жылдың 18 қыркүйегінен 26 қазаны және 6 қарашасынан 7 желтоқсаны аралығында болмақ.

«Тальго» пойыздарының маршруттарына жеңілдіктер енгізу туралы шешім оның танымалдығын және қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды.

Жеңілдіктер мына маршруттарға қатысты беріледі, олар:

-20% жеңілдік – №79/80 «Астана – Арқалық» бағытына;
-30% жеңілдік – №81/82 «Астана – Қостанай» бағытына;
-40% жеңілдік – №65/66 «Астана – Жезқазған» бағытына.

Билетті тиімді бағамен «www.bilet.railways.kz» сайты, сондай-ақ «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады (Android платформасында ғана қолжетімді).

Сондай-ақ жолаушылар жеңілдік мөлшерін «Алтын» және «Күміс» дисконт карталары арқылы 55%-ға дейін арттыра алады.

Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты тегін «1433» нөмірінен және «KTZH_PP_BOT» телеграм-бот арқылы алуға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!