Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Бішкектегі үйін қайтарымсыз негізде Мемлекеттік ипотекалық компанияның балансына тапсырды.
Бұл үйде Садыр Жапаровтың өзі тұрған.

Президент бұл үйді 2005 жылы сатып алған. 2010 жылдары басқа жерге көшіп кеткен. Сол уақыттан бастап бүгінге дейін үй мектепке дейінгі балалар мекемесі ретінде жұмыс істеген.

Садыр Жапаровтың айтуынша, «Менің үйім 2021-2026» жаңа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы мұқтаж жандардың баспаналы болуына септігін тигізеді.
Сондай-ақ Қырғыз елінде жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бюджет саласының қызметкерлері дайын үйді жылдық мөлшерлемесі 4%-пен кредитке үй ала алады.

Садыр Жапаров Қазақ еліне сапары кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Мен – қазақпын…» деп өлең оқып берген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!