Танымал хитмет Қайрат Нұртас жары Жұлдыз Әбдукәрімоваға қара түсті «Lexus» көлігін сыйға тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қымбат темір тұлпарды айтыскер ақын Сара Тоқтамысова өзінің Instaram-дағы парақшасында көрсетті.

«Жұғысты болсын. Қайраттың Жұлдызға арнаған сыйлығы», – дейді айтыскер автокөлікті көрсетіп.

Актриса туған күніне Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Сара Тоқтамысова сынды өнердегі әріптестерін шақырды.

“Жұлдыз, әрқашан бақытты бол! Жұлдызың жана берсін!Жарқырай бер Ай-Жұлдыз! Шарықта Ай-Жұлдыз! Армандарға қол созып, тек самғай бер сұлу қыз”, – деп ақжарма тілегін арнады Маржан Арапбаева.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!