Қармақшы ауданында Жастар форумы болып өтті.

«Қармақшы жалынды жастар мекені» атты жастар форумына аудан әкімі Мұса Қалдарбеков қатысты.

Форумда сөз алған аудан әкімі әлемдік пандемия кезеңінде ауданымыздың жастары белсенділікпен ұйымдасып тұрғындарға қол ұшын созған еріктілердің істеріне ризашылығын жеткізді.

Волонтерлар жылын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған форумға Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Мастеков және Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан жастар орталықтарының басшылары және аудан жастары қатысты.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ж.Омаров 11 аталым бойынша «Үздік волонтерлар» марапаты мен белсенді жастарға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады. Сонымен бірге жастар мәслихатының депутаттарының куәліктері мен төсбелгілері берілді.

Форумға арнайы қатысқан облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Мастеков жастарға құттықтауын жеткізіп, саланың дамуына үлес қосып жүрген жастарымызға алғыс хаттар табыстады.