ФОТО

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының тұрғыны мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, қазір кәсібін дөңгелетіп отыр.

Асхат Түктібаев 2023 жылы кәсіппен айналысу мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып, аяқтау туралы электрондық сертификатын алған. Санаты – мүмкіндігі шектеулі балаға қараушы.

Комиссияның мақұлданған шешімі негізінде 2023 жылдың наурыз айында өзінің «Көлік жуу» орталығын ашу туралы бизнес-идеясын іске асыру мақсатында 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде грант жеңімпазы атанған.

Қазіргі уақытта, қосымша жұмыс орнын ашып, бір адамды тұрақты жұмысқа қабылдап, өзінің кәсібін дамыту мақсатында жұмыс жасауда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!