Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған ақжолтай жаңалықты президент қуана жеткізді. 

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтағанын хабарлаған едік. Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің Ұлттық статистика бюросының соңғы деректеріне сәйкес, ел халқының саны тұрақты өсуді жалғастыруда. 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі дерек бойынша халық саны 19 миллион 944 726 мың адамға жетті.

сурет stan.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!