Қармақшы ауданы, Ақжар ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен жастарға түрлі тақырыпта бағыт-бағдар беру мақсатында ауыл жастары, оқушылар мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері ашық алаңда бас қосты.

Жиында жастардың өзекті мәселелері сөз болды. Атап айтар болсақ, мамандық таңдауда жіберілетін қателіктер мен оған бағыт-бағдар беру, кәсіпкерлік, кәсіп ашу туралы кеңестер беріліп, сала мамандарымен жастар еркін форматта пікір алмасты.

Сонымен қатар облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі директорының орынбасары Ерлан Мырзалыұлы ауыл жастарына Жастар ресурстық орталығының базасын таныстырып, орталық тарапынан жастарға көрсетілетін қызмет барысын түсіндірді. Қазіргі таңда жастар арасында өзекті саналатын жұмыссыздық пен кәсіпкерлік, кәсіп ашу мәселелерін де жастар мен сала мамандары өзара талқылады. Сондай-ақ ауыл жастары мемлекет тарапынан кәсіп бастауға берілетін жеңілдіктер мен несиелер, кәсіпкерлік бағытындағы бағдарламалар турасында да мол мағлұматтар алды.

Шара соңы ауыл жастарының концерттік бағдарламасына ұласты. Жастар ән мен биден шашу шашты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!