Қызылорда қаласында қала күнін мерекелеу аясында «Үздік Аула» байқауын өткізу дәстүрге айналған үрдіс. Биыл бұл байқау алтыншы мәрте өткізілуде.

Байқау шартына биыл өзгерістер енгізіліп, жасыл-желекті  көпқабатты тұрғын үйдің ауласына ғана емес, жеке тұрғын үйдің сыртқы аумағына да өз еңбегімен еккен қала  тұрғындары қатыса алады. Ол үшін инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы #Qzo #Qyzylorda #Үздікаула2023 хэштегтерін міндетті түрде пайдалана отырып, «Сүйікті қалам – Қызылорда» тақырыбында жылы лебізін жолдап, көгалдандырудағы тәжірибесімен бөлісіп, өз парақшасында сапалы суреттер мен 16:9 форматындағы видеоны жариялау қажет. 
Байқауға материалдар 19 маусым мен 31 тамыз аралығында қабылданады. 

Байқаудың қорытындысы комиссия шешімен анықталып, қала күніне арналған салтанатты іс-шарада марапатталады. Бұған дейін жеңімпаз атанған аулалар байқауға қайта қатыса алмайды. І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтеді.

Байқауға қатысты барлық сұрақтарды  қалалық қоғамдық даму бөлімінің маманы Әсел Бақытбекқызынан  8 707 774 7606 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!