Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» және «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Smart Sarbaz – 2022» әскери-патриоттық робототехника сайысы бастау алды.
Сайысты орталық директоры Талғат Оспанұлы ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Қызылорда облысы қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Алмасұлы өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отырған сайыс алдағы уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, өз жалғасын табады деді.
Қызылорда қаласынан және барлық аудандардан 16 оқушы қатысып, өзара бақ сынауда. Естеріңізге сала кетейік, сайыс жеңімпазы республикалық робототехника байқауына жолдама алатын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!