Техниканың дамыған тұсында смартфонның түр-түрі бар. “Бұл қандай, мынаның функциясы қалай?” деген сан-түрлі сұрақтың орын алатыны жасырын емес. Апта сайын әртүрлі маркалар шығуда. Олар сатылымда алғашқы орында екені айтпаса да белгілі. Несиеге алсақ та, соңғы үлгідегі смартфон ұстағанды ұнатамыз. Бүгінде телефон сататындардың барлығы жастар. Олар смартфоның қайсысы сапалы, қайсысы ұстауға болады сол жөнінде кеңес береді. Десе де жаңа қалта телефонның ерте бұзылып қалатыны тағы бар. Осындайда “Жайна” сауда орталығына қарай бағыт аламыз. Ал аралдықтар енді телефон жөндету үшін қалаға асықпайды. Себебі жас кәсіпкер бұл істі бизнеске айналдырған. Телефонның экранын ауыстыру, сынған жерін жөндеу сынды жұмыстар Төлеген үшін түк емес. Тапсырысты қабылдап алып қоймай, оны келіскен уақытта сапалы өткізу кәсіпкердің басты мақсаты.

“Кәсіппен айналыссаң ешкімге тәуелді болмайсың”. Бұл  аралдық жас кәсіпкер Төлеген Қабыловтың пікірі. Рас бүгінде біреуге тәуелді болмаудың бірден-бір жолы өз алдына кәсіпкер болу. Жастардың да кәсіпке бет бұрып, ісін дамытып жүргеннің себебі де осы.

– “Қандай іспен айналыссам болады?” деген сауалдың біраз уақыт маза бермегені жасырын емес. Қалай болады, қайтсек біреуге тәуелді болып жұмыс істегенді доғарамын деп те ойладым. Бір сөзбен айтқанда, “өзім би, өзім қожа болғым келді” ал мұның бірден бір жолы себебі жеке кәсіпкер болу. Сөйтіп қолымнан келген іске білек сыбана кірістім. Бір айта кетерлігі, “Бастау” жобасының тиімділігі мол екен, – дейді кәсіпкер.  іреуге тәуелді болып жұмыс істегенді доғарамын деп те окөріп, осы салада жұмыс жасау туралы шешім қабылдадым», – дейді кәсіпкер.

Кейіпкеріміз бұл уақытқа дейін біршама жерлерде жұмыс істеген. Мәселен, құрылысшы, күзетші болған. Жұмысына көңілі толмаған жас басқа салада дамуды көздейді. Сәті осы кәсіпкерлік бағытқа түседі.

 «Бірде Алматы қаласында тұратын ағам ұялы телефондардың аксессуарларын алып-сатумен неге айналысып көрмейсің деді. Ағамның ұсынысы ұнап қалды. Нарықты зерттеп көріп, осы салада жұмыс жасау туралы шешім қабылдадым», – дейді кәсіпкер.

Ол алғашында алып-сатумен ғана айналысып жүреді. Уақыт өте келе ұялы телефондарды жөндеуге машықтанып, бұл саланы да игерген. Бүгінде телефонның жиі бұзылатыны белгілі. Сол сәтте таныс-тамырға жүгінеміз. Себебі телефон жөндеткенде сапалы істей ме, сапасыз істей ме деген ойдың қылаң беретіні жасырын емес. Сосын да қасында қарап тұруға мәжбүрміз. Ал Төлегенге сұраныс көп. Бір жөндеткен адамның екінші шағымданған сәті болған емес.

«Алғаш телефондарды жөндеуді қолға алғанымда біраз қиналдым. Бастапқыда дұрыс жөндей алмай, тапсырыс берушіге жаңадан ұялы телефон алып берген кездерім де болды. Тәжірибені қателесіп жүріп жинадым. Қазір, шүкір, қызметіме сұраныс жоғары», – дейді кәсіпкер.

Төлеген ұялы телефондарды жөндеуді кәсіпке айналдыруды жоспарлап жүргенінде ауылдастарынан «Бастау» жобасы туралы естиді. Жоба жөнінде Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалынан жан-жақты кеңес алып, 2019 жылы «Бастаудың» оқу курсынан өтеді.

«Жоба аясында біліктілігімді жетілдіргеніме қуаныштымын. Себебі «Бастаудың» арқасында салықтық есеп тапсыруды үйрендім. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді арнайы бір жерге барып жасау деп түсінетін едім. Өзім тіркеп, оны уақытша тоқтатып қоюды да осы курстың арқасында білдім», – дейді ол.

Төлеген Қабылов өткен жылы тамыз айында гранттық комиссия алдында бизнес-жоспарын қорғап, 555 мың теңге қайтарымсыз қаржыға қол жеткізеді. Аталмыш грантқа өзінің жеке қаржысын қосып, Қытайдан ұялы телефондарды жөндеуге арналған арнайы құрылғылар сатып алып, бүгінде Арал ауданының тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде. Ал алдағы уақытта ұялы телефонға арналған қаптамаларды Аралда шығарғысы келеді. Ол үшін бүгінде келіссөздер жүргізіп жатыр.

Айта кету керек, Қызылорда облысында 2017-2020 жылдары «Бастау» жобасы бойынша 8927 азамат оқытылып, олардың 3495-інің жобасы қаржыландырылған. 2021 жылы 2500 азаматты оқыту көзделуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!