Бүгін Жаңақорған ауданына қарасты құт қонған Қожакент ауылындағы 168 орта мектептің 2001 жылғы түлектері яғни, 1984 жылғы жастар сауапты іске ұйытқы болды.

Енді қожакенттік Бақтыгүл Бакированың өзінің баспанасы бар. Үш баланың анасы үшін бұл үлкен қуаныш. Осындай қуанышқа себепкер болған 20 жылдық түлектер ақылдаса келе, пандемия уағында той-тойламай қарапайым, баспанаға шын мұқтаж отбасының шаңырағына шаттық сыйлайық деп шешіпті. Ізгі бастамаға ұлы да, тұрмысқа шыққан қызы да белсенді атсалысқаны қуантты. Бүгінде бәрі бір-бір саланың тізгінін ұстап, ел игілігі жолында қызмет етуде.

Игі шараға ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Махмұтұлы қатысып, қожакенттік қамқор жандарға ризашылығын білдірді.

Баспана кілтін табыстау рәсімінде ауыл әкімі Әсілбек Айтжанов пен Өтеген ақсақал бастаған ел ағалары мен ардагер ұстаздар, ауыл имамы Кенжебек Асанов өнегелі өсиетін өрбітті.

Әбдісамат Әбдіш

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!