Павлодар полициясы жалған вакциналау паспортын сатып алған 200 адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының полициясы мамырда Павлодар қаласының ауруханаларының бірінің төрт медицина қызметкерінің жалған вакциналау паспортын жасағанын анықтады. Олар электронды дереқорына COVID-19-ға қарсы вакцина салынғаны туралы жалған ақпаратты енгізіп, үшінші тұлғаларға сатқан. Осындай 200 жалған паспорт тәркіленді.
Аталмыш факті бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Соталды тергеу барысында барлық керекті жедел тергеу шаралары жүргізілді. Қылмысқа қатысушылар хат алмасып, бір-бірімен хабарласып отырған ұялы телефондар тәркіленді, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жұмыс орнында тінту шаралары жүргізілді.
Нәтижесінде кеңсе техникасы мен құжаттар тәркіленіп, оларға сәйкес сараптама тағайындалды.
«Павлодар облысының полициясы жалған вакциналау паспортын сатып алып, әрі қарай қолданысқа түсірген адамдарды анықтап жатыр. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, Қылмыстық кодекстің 3-бөлімі 385-бабы бойынша көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселе қарастырылады», – деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!