Достық үйінде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Айбек Дайрабай өңірлік «Ассамблея жастар» ұйымы және Волонтерлар орталығының мүшелерімен кездесті. Кездесуде жастар мен волонтерлардың атқарылған ауқымды жұмысына оң баға беріліп, алдағы жоспарлар талқыланды. Бүгінгі таңда «Ассамблея жастар» ұйымы мен Волонтерлар орталығының құрамында 50-ден астам белсенді жас бар. Олардың бастамасымен түрлі форматтағы мерекелік кештер, қайырымдылық акциялары, спорттық және интеллектуалдық сайыстар, ғылыми-танымдық шаралар өткізіліп келеді. Шаралардың негізгі дені жастарға патриоттық тәрбие беруге, олардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған.Кездесу аясында өңірлік «Ассамблея жастар» ұйымының жетекшісі Елена Пак пен тіл жанашыры, Волонтерлар орталығының белсендісі Елизавета Есмаева сөз сөйлеп, жас буынды қолдау, көтермелеу тұрғысындағы облыстық ассамблея тарапынан жасалынып жатқан игі қадамдарға алғысын білдірді.Кездесу соңында ұйымның белсенді жастары мен «Біздің өлкеміздің тарихы» атты ең үздік тик-токерлер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!