12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай, «Araу city mall» ойын-сауық ор­та­лығында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-па­триоттық қозғалысының тәрбиеленушілері әскери ант қабылдады.
Шара аймақ жастарын әскери-патриоттық бағытта тәрбие­леу, өскелең ұрпақтың бойында Отансүйгіштік қасиет қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде өткізілуде. Ант қабылдау сәтіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ршауов Мыңділдә, «Застава тарландары» шекара ардагерлері Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Худаяров Асан Беркімбекұлы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің кадр жұмысы бойынша бөлімшесінің аға офицері Жанабаев Баубек Бахытұлы қатысты.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы Ұлттық Қауыпсіздік Комитеті Шекара қызметі департаментінің өкілдері жасөспірімдер арасында, әскери оқу орындары және болашақ офицерлік қызметтер жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!