Қызылорда облысы бойынша жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің  алғашқы отырысы өтті.  Жиынға Қызылорда облыстық  ішкі саясат басқармасы «Жастармен жұмыс» бөлімінің басшысы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, барлық деңгейдегі мәслихат құрамындағы жас депутаттар сондай-ақ, қалалық және аудандық кеңестің мүшелері ZOOM платформасы арқылы қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің аймақтық құрамы және ережесі таныстырылып, кеңестің жылдық жоспары мен медиа жоспары бекітілді. Сондай-ақ, «Жастар – Отанға!» бағдарламасының және оны іске асыру жөніндегі облыстық жол картасының 5 негізгі бағытының орындалуына жауапты кеңес мүшелері сайланды.

Атап айтсақ, «Азаматтылық белсенділік» бағытына жауапты болып Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Мукеев Азамат Ырысдәулетұлы,«Сапалы білім» бағытына  Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қызылорда облыстық ұйымының «Ұйымдастыру және ақпарат»бөлімінің бас маманыСағындықова Жанар Берікболқызы,«Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бағытынаоблыстық мәслихат депутаты, «Авто-Лидер» ЖШС  директоры – Ибраев Нұрболат Балтабайұлы, «Жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана» бағытына облыстық мәслихат депутаты, «Ару Ана» сүт өңдеу кәсіпорынының директоры- Дүйсенбек Баян Сабырқызы, «Тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу» бағытына жауапты ретінде Кеңшілік Сабыржан Бауыржанұлының кандидатуралы ұсынылып бір ауыздан қолдау тапты.

Жиынға «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов қатысып, Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің негізгі функциялары, оған жүктелген міндеттер жөнінде тілге тиек етіп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Басқосуда жастар «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының өңірімізде жүзеге асырылу барысы туралы Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы «Ауыл шаруашылығы» бөлімінің басшысы Мәріп Шәріпұлы Акпардың есебін тыңдады.

«Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылары арасында  жасалған сауалнама қорытындысын талқылауға салды.  Сонымен қатар, Қазалы ауданының тұрғыны Мөлдір Бақытжанованыңмемлекеттік бағдарламаға қатысты туындаған мәселесін бейнеролик арқылы ұсынып, заңгерлік тұрғыда көмек көрсетті.

 «Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Негізгі мақсаты партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасы мен 2025 жылға дейінгі жастарды қолдауға бағытталған «Жастар – Отанға!» жобасының тиімді іске асыру.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!