ШҚО-дағы элеваторда болған өрт. Фото: t.me/qr_tjm

NUR.KZ. ШҚО-дағы элеваторда шыққан өрт сөндірілді. Ведомство ақпараты бойынша, кептіргіште шамамен 10 тонна астық болған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, сағат 12:30-де ШҚО-дағы элеваторда шыққан өрт сөндірілді.

«Кептіргіште шамамен 10 тонна астық болған. Өрттің ауданы 120 шаршы метрге жеткен. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 90-ға жуық адам, 12 бірліктен астам техника, ҚТЖ 1 өрт сөндіру пойызы, ТЖД және «Васкен» ЖШС қатысты», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ ТЖМ мәліметіне сүйенсек, алдын ала болжам бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасы сақтамалмаған әрі технологиялық процесс бұзылған. Салдарынан өрт шығуы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!