Sputnik. 2026 жылы сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың төрттен бірі ғана баспананы өз қаржысына сатып ала алатынын айтты.
Ұлттық статистика бюросы сауалнама жүргізді:
Респонденттердің 24,3%-ы өз бетінше тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне қанағаттанатынын айтқан, 40,8%-ы ішінара қанағаттанатынын көрсеткен. Ал 15,9%-ы қанағаттанбайтынын айтса, 19%-ы жауап беруге қиналған.
2024 жылы жүргізілген сауалнама нәтижелері де шамамен осындай болған. Алайда ол кезде «қанағаттанбаймын» деген жауапты таңдағандар көбірек – 20,5%, ал «жауап беруге қиналамын» дегендер азырақ болған.
2026 жылы тұрғын үй сатып алу кезінде мемлекеттік қолдау шараларына респонденттердің 28,4%-ы қанағаттанған. 2024 жылы бұл көрсеткіш 24,5% болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
