Оқиға 4 тамыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында Абай мен Пушкин көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Jetour маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге жол бермей, төрт баланы қағып кеткен,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін олар үйлеріне жіберілген.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге қатысушыларына жол бермеу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«4 тамыз күні сағат 18:00 шамасында Көкшетау қаласындағы Абай және Пушкин көшелерінің қиылысында Jetour маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілерге жол бермей, кәмелетке толмаған төрт баланы қағып кетті. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізіліп, тексеру мен қажетті ем алғаннан кейін үйлеріне жіберілді. Балалардың ата-аналары жүргізушіге қатысты ешқандай шағым түсірген жоқ», – деп хабарлады полиция.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!