Былтыр пандемияға байланысты әлемдегі кино өнері көрермендерге қызықты деген туындыларының премьерасын биылға ауыстырған болатын.

Солардың ішінен үздік деген 5 фильмді ұсынамыз.

1. Ғажайып әйел: (Wonder Woman)

АҚШ, Оңтүстік Корея, Испания, 2020.

Жанры: боевик, фантастика

Премьера: 14 қаңтар.

Бас кейіпкер Диана Принс 1980 жылдардың ортасында ол жаңа қауіпке тап болады. Кәсіпкер Максвелл Лорд тілектер тасын иемденіп, шексіз күшке ие болады. Күтпеген жерден өмірге оралған Стив Тревор бас кейіпкерге көмектеседі.

2. “Жыртқыш аңшысы” (Monster Hunter)

АҚШ, Германия, Жапония, Қытай, 2020.

Жанры: Боевик, фантастика

Премьера: 14 қаңтар

Фильмдегі шытырман оқиғалар лейтенант Артемида бастаған БҰҰ әскери қызметкерлері тобының жыртқыштар мекендейтін параллель әлемге тап болуымен басталады. Жауынгерлер тек жұмбақ аңшының көмегіне сенуге мәжбүр болады. Аталмыш фильмде Милла Йовович басты рөлде ойнайды.

3. “Кing’s man: Бастау” (The King’s Man)

Ұлыбритания, АҚШ, 2021.

Жанры: Боевик, комедия, шытырман.

Премьерасы: 11 наурыз.

Оқиға бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде орын алады. Сюжет бойынша жас аристократ жасырын агенттің басшылығымен өз еліне көмектесуге тырысады.

4. “Морбиус” (Morbius)

АҚШ, 2021.

Жанры: Шытырман оқиға, фантастика

Премьерасы: 18 наурыз.

Venom кинематографиялық әлемі кеңейіп келеді. Жаңа фильмде сирек кездесетін қан ауруымен ауыратын доктор Майкл Морбиус тұтқыннан қашу үшін қауіпті және тексерілмеген әдісті қолданып, вампирге айналып кетеді. “Морбиуста” басты рөлді әйгілі актер және музыкант Джаред Лето сомдайды.

5. “Өлетін уақыт емес” (No Time to Die)

Ұлыбритания, АҚШ, 2021.

Жанры: Боевик, шытырман,

Премьерасы: 11 сәуір.

Джеймс Бонд қызметтен кетуге шешім қабылдап, Ямайкадаға демалысқа кетеді. Бірақ оның ЦРУ-дегі ескі досы белгілі ғалымды террористің қолынан құтқаруға көмек сұрайды. Фильмдегі басты жағымсыз кейіпкерді “Богемия рапсодия” фильмі арқылы “Оскар” сыйлығын алған Рами Малек сомдайды. Ал Дэниел Крейг үшін бұл фильм Агент 007: Джеймс Бонд сериялы фильміндегі соңғы рөлі болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!