Талғар тұрғындары жаңадан салынып жатқан 1200 орындық №25 қалалық мектептің сапасына наразы болды. BI Group салған жаңа ғимаратқа 3 миллиард теңге кеткен. Алайда тұрғындар қыруар қаражат кеткен мектепке балаларын жібергісі келмейді.

Kris_p_talgar желілік басылымы тұрғындардың ренішін жариялапты.

«Әкімдік бұл жерге мақтану үшін әкелмеген адамы жоқ.  Бірегей, заманауи 1200 орындық мектеп деп айтып еді. Ал қазір бұл сарайға оқушыларды да жинай алмай отыр. Сегізінші мектептің бастауыш сынып оқушыларын мәжбүрлі түрде ауыстыру арқылы толтырып жатыр. Ал заң бойынша қай мектепке баратынын ата-аналардың өзі таңдауға құқылы», – дейді тұрғындар.

Төбесінің жұқа болғаны сонша, оның үстінде жұмысшылар жүргеннен  кейін бәрін басып тастаған. 

Ылғалдан төбесі ісініп кеткен, қабырғаларда жырақтар бар, спорт алаңдары кір, яғни жауын суы басып кетіп отырады. 

«Ең бастысы үш миллиард теңгеге салынған мектептің дәретханасы далада. Бұл ақшаға бірнеше мектепті кеңейтіп, ауданның барлық мектептерін жөндеуге болатын еді! Талғар жемқорлыққа батып кетті. Аудан әкімдігінің жұмысы сәтсіз», –  деп жазылды басылымда.