Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысының прокуратурасы биыл алимент өндіру бағытында бірқатар жұмыс атқарды. Прокуратура органдарымен Әділет департаментіне және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 10 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізілді.

Нәтижесінде биыл екі айда 43 жалғыз басты ананың пайдасына 40 млн теңге алименттен берешек өндірілді, 64 борышкер уақытылы алимент төлемегені үшін ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 21 жеке сот орындаушы алиментті мәжбүрлеп өндіру кезінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік қарастырылды.

Прокуратураның бастамасымен алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді, оның 4-еуі қылмыстық жауаптылыққа тартылса, қалғандары бойынша тергеу жүргізілуде. Мысалы, борышкер Н.Н. өндіріп алушы Ж.А-ның пайдасына 2,9 млн теңге алименттен берешегін төлеу үшін жұмыссыз ретінде тіркелмей, өзінің жалдамалы жұмыстардан тапқан табысын жасырып, алимент төлеуден жалтарған.

Осыған орай Қармақшы ауданының прокуратурасымен Н.Н-ке қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді, соттың 06.03.2024ж. үкімімен Н.Н. кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ ағымдағы жылы прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдардың қатысуында ведомствоаралық мәжіліс өткізіліп, онда әділет және полиция органдарының, жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшыларына жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар жүргізу, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру, алимент санатындағы атқарушылық өндірістерді ерекше бақылауға алу, қаскөй борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Орындалу жағдайын облыс прокуратурасында тоқсан сайын қарау белгіленді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қызылорда облысының
прокуратурасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!