Мұхит Әзірбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Мемлекет басшысының биылғы наурыздағы Жолдауында айтылған тапсырмаларына сәйкес және Үкімет қаулысына сәйкес облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінде мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру мақсатында 21 қыркүйектен бастап 2022 жылы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев өз қалауы бойынша қызметінен босатылды», – деп хабарлады қала әкімдігі баспасөз қызметінен.

Мұхит Әзірбаев 2019 жылдың сәуірінен бастап Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, құрылыс және энергетика мәселелеріне жетекшілік еткен.