Видеодан алынған кадр/instagram.com/egovpress

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысында жүріп бара жатқан көлікке ұмтылған оқушының ата-анасы жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде арқасында мектеп сөмкесі бар ұл баланың жүріп бара жатқан көліктерге ұмтылған видеосы тарап, желі қолданушылардың алаңдаушылығын туғызды. Өзінің де, өзгенің де өмірін қатерге тігу қаупін тудырған оқушының кім екені анықталып, ата-анасына шара қолданылды. Абырой болғанда, көліктерге ұмтылған бала дін аман.

«Ювеналды полиция қызметкерлері оқушыны тауып, өзімен және ата-анасымен профилактикалық жұмыс жүргізді. Ата-анасы баланың тәрбиесіне дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!