Алматы облысында зорланған қыздардың анасы қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тәртіп сақшылары егіз қызды зорлады деген күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ол 40 жастағы ер адам болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ тергеу барысында тәртіп сақшылары күдіктінің егіздерді зорлауға қатысы бар екенін анықтады.

Сонымен бірге олар хабар бермегені және көмектеспегені үшін күдіктінің әйелін қамауға алды.

«Барлық қажетті тергеу әрекеттері сараптама тағайындау арқылы жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Істің тергеу барысы облыстық полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында екені айтылды. 

Еске салайық, Алматы облысында 40 жастағы ер адам кішкентай қызды зорлады деген күдікке ілінген еді. Полицияның мәліметінше, 3 қазан күні Балқаш ауданының тұрғыны хабарласып, ауылдасының кішкентай қызына зорлық көрсеткенін айтып шағымданған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!