1 ақпаннан бастап еліміздегі кинотетарлар 4-5 айға жабылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24»

Басты себеп – прокатта фильмдердің болмауы. Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығы президентінің айтуынша, Голливудтың негізгі студиялары көктемгі премьераларды күзге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ал отандық киноөндірушілердің картиналары ақпаннан кейін жарыққа шығады.

«Қазір прокатта 16 картина бар. Осы туындылардың арқасында кинотеатр жұмыс істей алар еді. Енді отандық киноөндірушілер оларды күзге қалдыруды жөн көрді. Ал ол кезде кинотетарлар жұмыс істей ала ма, ол да белгісіз. Продюсерлер өз ойларынан қайтып, бізді қолдап, туындыларды ертерек шығарса дейміз»,– дейді Қазақстан кинотеатрлары иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!