Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Осы бағыттағы маңызды тетіктердің бірі – атқарушылық іс жүргізу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер. Бұл қызметтер сот актілерінің, өзге де органдардың және лауазымды адамдардың актілерінің уақытылы әрі толық орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерді қолайлы жағдайда алуына мүмкіндік береді.

Бүгінде мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі цифрландыру үдерісімен қатар дамып келеді. Атқарушылық іс жүргізу саласында бірқатар мемлекеттік қызметтер электрондық форматта ұсынылып, қызмет алушылардың уақытын үнемдеуге, қағаз құжат айналымын азайтуға және мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етуде.

Аталған салада азаматтар мен заңды тұлғалар атқарушылық іс жүргізуге қатысты қажетті мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен ала алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қызмет көрсету мерзімдері, қажетті құжаттар тізбесі және нәтижені алу тәсілдері нақты регламенттелген.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу азаматтарға өтінішті қашықтан жолдауға, өтініштің орындалу мәртебесін бақылауға және қызмет нәтижесін электрондық түрде алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттырып, халыққа қолайлы жағдай қалыптастырады.

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында азаматтардың өтініштері белгіленген мерзімде қаралады, қызмет көрсету стандарттарының сақталуына тұрақты бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және қызмет алушылардың құқықтарын сақтау қағидаттарына ерекше назар аударылады.

Азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу барысында туындаған мәселелер бойынша аумақтық әділет органдарына жүгіне алады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, қажетті құжаттар және өзге де ақпараттар электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын үздіксіз жетілдіру, цифрлық сервистерді дамыту және азаматтарға қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде атқарушылық іс жүргізу саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі артып, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімі нығая түсуде.

Бисембаев Манат Кәрімбайұлы  

Қызылорда облысы Әділет департаментінің

Қызылорда қаласының №1 мәжбүрлеп орындату

аумақтық бөлімінің басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!