Фото: lada.kz
Ақтаудағы итбалықтың шағын архитектуралық пішінін (ШАП) вандалдар біртіндеп қиратып жатыр. Бұл жолы конструкциядан аяқтарын жұлып тастаған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін шағын архитектуралық пішіннің кейбір элементтері майысып қалған.
Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.
«Қазіргі уақытта қаланың абаттандыру нысандарын күтіп ұстауға қатысатын мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Одан кейін итбалықтың шағын сәулет нысанын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі», – деп хабарлады қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.
Айта кетейік, Ақтауда 2022 жылы итбалықтың шағын сәулеттік нысаны қарсылық белгісі ретінде орнатылған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!