Фото: nura__zello парақшасынан алынды

Ырғыз ауданындағы Мамыр, Нұра ауылдарына Торғай өзенінен келген су кірді. Ауыл тұрғындары мен төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдерінен 120-дан астам адам, 7 техника жұмылдырылғанымен, бөгет бұзылды, – деп хабарлады KAZINFORM.

– Нұра ауылында қорғаныс бөгеті шайылып, ауылды су басты. Ахуалды бағамдау үшін облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Ми-8 тікұшағымен жетті. Мұнда алдын ала 1 100 дана қап және 390 тонна инертті материал тасымалданған болатын. Бұл ауылдан 12 және 13 сәуір күндері 242 адам алдын ала эвакуацияланды. Олар Ырғыз ауданының орталығында ұйымдастырылған қауіпсіз орынға көшірілді. Қалғаны туысқандарының үйіне жеткізілді. Нұра ауылында 112 тұрғын үй бар, 691 адам тұрады, – деді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!