Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша экзитпол нәтижелері жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алғашқы сауалнама нәтижесіне сәйкес, Құрылтайға 5 саяси партия өтуі мүмкін. Бұл деректерді Еуразиялық интеграция институты жариялады.

Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижесі мынадай:

  • «Әділет» партиясы – 71,80%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,20%;
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 1%;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 3%;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,40%;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,10%;
  • Respublica – 5,40%;
  • «Бәріне қарсымын» – 2,10%.

Экзитпол нәтижелері: Құрылтайға қанша партия өтті?

ИКСИ «Социс-А» дерегі бойынша, Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижесі былай бөлінді:

  • «Әділет» партиясы – 70,7%;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,4%;
  • Respublica – 5,5%;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,4%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5%;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 3,2%;
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,2%;
  • «Бәріне қарсымын» – 2,6%.

Экзитпол нәтижелері: Құрылтайға қанша партия өтті?

Ал Қоғамдық саясат институтының мәліметінше, дауыс беру нәтижесі мынадай:

  • «Әділет» партиясы – 72,3%;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,2%;
  • Respublica – 5,2%;
  • Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,1%;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5%;
  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 2,8%;
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 0,9%;
  • «Бәріне қарсымын» – 2,5%.

Экзитпол нәтижелері: Құрылтайға қанша партия өтті?

Экзитпол халықаралық тәжірибеде қолданылатын стандартты әдістеме бойынша сұхбат түрінде жүргізілді. Қатысушыларға «Парламент сайлауында қай партияға дауыс бердіңіз?» деген бір ғана сұрақ қойылды.

Материал толықтырылып жатыр.Анықтама: Экзитпол – бұл сайлаушылардың дауыс беріп шыққан бойда жүргізілетін сауалнамасы. Әдетте сұхбат алушылар сайлау учаскелерінің маңында тұрып, адамдардан кімге немесе қай партияға дауыс бергенін сұрайды. Қатысу ерікті түрде жүзеге асады. Экзитпол ресми дауыстар толық саналып біткенге дейін сайлаудың ықтимал нәтижесін шамалауға мүмкіндік береді. Алайда оның қорытындысы сайлаудың ресми нәтижесі болып саналмайды және түпкілікті деректерден өзгеше болуы мүмкін.

Партиялар Құрылтайға өтуі үшін жалпы сайлаушылар дауысының кемінде 5 пайызын жинауға тиіс.

Сайлаудың алдын ала және түпкілікті қорытындысын кейін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Ресми нәтиже 30 тамызға дейін белгілі болуға тиіс.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!