Кішкентай қыз. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Астана қаласының білім басқармасы өкілдері жеті жасар қызды ұрып-соғу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің ресми Instagram-парақшасында 23 қарашада жиі соққыға жығылған 7 жасар қыз ауруханаға түскені хабарланды. Баланың денесінде ұрып-соғу іздерін байқаған мұғалімдер дереу кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияға жүгінген, инспекциядағылар бұл деректі тіркеген. Қыз ауруханада қалғысы келетінін айтқан. Қазіргі уақытта оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. «Айта кетейік, аталған оқиға балалардың құқықтарын қорғау комитетініңбақылауына алынды. Мемлекеттік органдармен бірлесіп жағдайдың егжей-тегжейі, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайы мен микроклиматы зерделенеді. Осы сынды фактілер біздің қоғамдық ұстанымымыздың маңызын тағы бір мәрте еске салады», – делінген хабарламада. Ведомство өкілдері балаларға қатысты қатыгездіктің куәсі болсаңыз, тәуліктің кез келген уақытында «111» нөмірі бойынша немесе «Бала қорғау» чатына хабарласуға болатынын еске салды. Еске салайық, бастапқыда қызды ұрып-соғу туралы оқиғаға байланысты балалар омбудсмені Динара Закиева хабарлаған еді. Бұл отбасында тағы алты бала тәрбиеленіп жатқаны белгілі болды.

Кейінірек бұл жағдай туралы полиция өкілдері жауап берді. Астана ПД өкілдері баланы ұрып-соғу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!