23 тамызда өтетін сайлау – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл күні Қазақстан азаматтары өздерінің Конституциямен кепілдік берілген сайлау құқығын пайдаланып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік алады.

Қоғамның дамуы мен елдің болашағы әрбір азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сайлауға қатысу – мемлекеттік басқару жүйесіне деген сенімнің, құқықтық мәдениеттің және азаматтық белсенділіктің маңызды көрсеткіші. Сондықтан әрбір азаматтың белсенділігі қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің нығаюына ықпал етеді.

Сайлау барысында заң талаптарын сақтау, ашықтық пен әділдік қағидаттарын құрметтеу – баршаға ортақ міндет. Саналы таңдау жасау арқылы тұрғындар құқықтық мемлекет қағидаттарының нығаюына өз үлестерін қоса алады.

23 тамыз – азаматтық жауапкершілікті сезініп, өз конституциялық құқығын жүзеге асыратын маңызды күн. Әрбір дауыс маңызды, әрбір таңдау – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!