Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 100 доллардан жоғары деңгейде сақталып отыр. Сауда деректеріне сәйкес, Brent фьючерстері 100,46 доллардан сатылып жатыр. Күндізгі сауда барысында баға 0,23 пайызға төмендегенімен, мұнай құны соңғы айлардағы ең жоғары деңгейге жақын қалып отыр.
Соңғы бір айда Brent мұнайы айтарлықтай қымбаттады. Егер маусым айының соңында бір баррельдің бағасы 93–94 доллар шамасында болса, шілде айында баға үздіксіз өсіп, алғаш рет ұзақ уақыттан кейін 100 долларлық межеден асты.
Сауда барысында мұнай бағасы бір кезеңде 102 доллардан жоғары көтерілген. Кейін нарықтағы өсім баяулап, баға тұрақтанып, қазір 100–101 доллар аралығында өзгеріп тұр.
Аздаған төмендеуге қарамастан, мұнай нарығындағы жалпы өсім сақталып отыр. Сауда алаңының мәліметінше, Brent мұнайының бағасы:
- бір күнде – 0,23%-ға төмендеді;
- бір аптада – 14,03%-ға өсті;
- бір айда – 36,24%-ға қымбаттады;
- соңғы алты айда – 54,39%-ға артты;
- бір жыл ішінде – 46,96%-ға өсті.
Сарапшылар мұндай көрсеткіштер әлемдік нарықта мұнайға деген сұраныстың жоғары екенін және инвесторлардың белсенділігі сақталып отырғанын айтады.
Еске салайық, кеше Brent мұнайының бағасы 96 доллардан асқан еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!