25 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің батысында ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлердің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +27…+29.

Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +18…+20, күндіз +30…+32.

Шымкентте жауын-шашынсыз, күндіз жел күшейеді. Түнде +19…+21, күндіз +34…+36.

Атырауда аптап ыстық сақталып, ауа температурасы күндіз +40…+42 градусқа дейін жетеді.

Түркістанда жауын-шашын күтілмейді, күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы +36…+38.

Ақтөбе, Ақтау, Қонаев, Қостанай, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Орал және Жезқазғанда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Семей және Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшейеді.

Петропавлда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!