Фото: muftyat.kz
KAZINFORM – Бурабайда масаң күйде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы ұсталды. Полиция әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамауға алды.
Мас имамның ұсталғаны туралы Ораз Әлімбеков есімді желі қолданушысы Facebook-тегі парақшасында жазды.
Ұсталған адам Қостанайдың бас имамы Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы екені айтылады. Оны тәртіп сақшылары Бурабайдағы «Регион» түнгі клубының жанында масаң күйде «Хайландр» көлігімен кетіп бара жатқанда қолға түсірген.
Желіде тараған ер адамның ұсталғанын Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі растады. Алайда толық ақпарат кейін жолданатынын жеткізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!