«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының «Есірткіге жол жоқ!» жобасы өңірлерде тұрақты өткізіліп келеді.

Жоба бастау алғалы «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп өткен жылы қаламызда есірткі құралдарының жарнамасы бар граффитилер жойылған болатын.

– Есірткі – қазіргі заманның ең қиын да күрделі қауіптерінің бірі. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні баршамызға белгілі. Өкінішке қарай көше бойларында есіртікнің жарнамалық жазуларына тоқтау болмай тұр. Ғасыр дертімен күресуде «Жастар рухы» Жастар қанатының тарапынан жан-жақты жұмыс жүргізіліп келеді, – дейді қалалық бөлімше жетекшісі Серікбай Нұрбол.

Рухтас белсенділерінің көмегімен тұрғын үй алаптары маңындағы әртүрлітыйым салынған сайттар жарнамасы бар мекенжай мен күдікті жазулар анықталып, жойылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!