Үндеу

Әрбіріміз жарқын өмір мен қатесіз таңдауға ұмтылатынымыз анық. Алайда ол үшін достардың қамқорлығы қажет. Мен де осы үндеуім арқылы жас достарды есірткісіз болашақты таңдауға шақырамын. Әрқашар есірткіге «жоқ!» айтып, қоғамды дамытуға үлес қосайық.

«Бірінші байлық – денсаулық» демекші, ең алдымен адамның жақсы өмір сүруі үшін деннің саулығы бірінші орында деп ойлаймын. Сол үшін есірткі секіллі зиян заттан аулақ болып, өмірімізге жауапкершілікпен қарайық. Заманауи білім мен ұлттық тәрбиені бойына жиып өскен буын саламатты өмір салтын ұстанатын, спортпен айналысатын, денсаулығына күтіммен қарайтын адам болу керек.

Бәрімізге ортақ құндылық – қоғам саулығы. Сол себепті есірткіге «жоқ!» деп айуға дағдыланып, қоғам дамуына бағдар беру дұрыс. Әрбір жас айтылған үндеуді қаперге алып, әрекет етеді деген үміттемін.

Әсел Сабыр,

Қызылорда қаласа, Қосшыңырау ауылдық округі,

Абай атындағы №138 орта мектептің 7 сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!