13 қыркүйекте TikTok әлеуметтік желісін бақылау барысында төрт жас жігіт «Анвар» гипермаркетінде оның жабылуын күтіп, видеоконтент түсіргені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар гипермаркеттің ішінде қалып, ойына келгенді істеген.
Құқық бұзушылар жеке күзет мекемесінің жедел әрекет ету тобының қызметкерлерімен ұсталып, кейін олар мән-жайды анықтау үшін полицияға тапсырылды.
Бұзақылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!