Көлігінде есірткі сақтаған Қызылорда облысының тұрғыны анықталды.

Облыс көлемінде өтіп жатқан “Рефлекс” Қызылорда облысы Полиция департаментінің ЖПҚБ-ның патрульдік полиция ротасының инспекторлары қызмет атқару барысында 25 қараша күні сағат 16:10 шамасында Самара-Шымкент тас жолының 1424-шақырымында жарық шамын жақпай келе жатқан Ваз-2703 автокөлігін тоқтатқан.

Құжаттарын тексеру барысында жолушысының күртешесінің қалтасынан ақ қағазға оралған өзіне тән ерекше иісі бар жасыл түсті есірткі затына ұқсас зат анықталып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, анықталған зат “кептірілген марихуна” екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.