Ақмола облысында кәмелекте толмаған колледж студенті із-түссіз жоғалып кетті. Жасөспірім дүйсенбі күні оқу орнынан шығып, оралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Дүйсенбі күні Қызыл жар ауылдық агротехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 102 нөміріне хабарласты. Ол 2004 жылы туған Садвакасов Виталий Витальевичтің 18.00 шамасында жатақханадан шығып, белгісіз бағытқа кеткенін хабарлады. 

Белгілері: бойы 160-165 см, дене бітімі арық, көзі бадырайған қара, ашық реңді. Көк джинсы мен қара түсті түсті күртеше киген. 

Виталийді көрген-білгендер болса: мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 8 (7162) 29 11 14, 8 (705) 299 58 49.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!