Kyzylorda-news.kz. Елімізде қаламның күшімен күреп ақша табуға болатын кәсіп көбейіп келеді. Адал еңбегінің нанын жеп жүрген копирайтер мамандардың орны ерекше. Ал олардың тақырыбымызға арқау болған қатесі қандай болуы мүмкін?

Өз парақшасын елеусіз қалдыру

Атауын «Копирайтер» деп жазып қояды. Парақшасына кірсең, 7-8 ай бұрын жазған посттары ғана тұрады. Ол «шабытын күтіп» не басқа біреудің парақшасына пост жазып жүрген болуы мүмкін. Өз парақшасы көлеңкеде қалды.

Бір ғана клиентпен шектелмей, бір мезетте бірнеше парақша жүргізуге болады. Ал бізге келесі клиент келуі үшін парақшамызда «қыз-қыз өмір» қайнап жатуы тиіс.

«Түйеден түскендей» жазу

Сөзіңіз кімге арналарын және кімнің атынан жазып отырғаныңызды жақсылап зерттеп алмасаңыз, сату постының қанша формуласын білетініңізден пайда жоқ.

Мақсатты аудиторияны анықтап алыңыз. Одан кейін тапсырыс берушінің жазу стиліне зейін қойыңыз. Мейлінше, тапсырыс беріп жазғызған мәтін екені білінбейтіндей, сол кісінің өзі жазғандай әрі аудиторияға «өтетін» пост жазу қажет.

Грамматикаға көңіл бөлмеу

Парақшаңызды жай ғана қатардағы копирайтер ретінде жүргізбей, кірген адам аузын ашып, көзін жұмып кететіндей күйге келтіруіңіз керек. Көп копирайтердің ішінен жарқ етіп көзге түсу үшін және клиент басқа емес, сізді таңдауы үшін, трендте болыңыз. Ал қазіргі тренд – сауатты жазу.

Қазақ тілінің грамматикасына мән беріп, әр үтір-нүктеңізге дейін орнын білетін болса, тапсырыс беруші, сөзсіз, бұл қасиетті жоғары бағалайды. Өте сауатты жазсаңыз, қызмет бағасын қымбат ұсына аласыз.

Massaget

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!