21 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ең жоғары ауа температурасы Талдықорғанда тіркеледі. Күндіз мұнда +39 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +23…+25 градус болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +25…+27, күндіз +34…+36 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +33…+35 градус.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +26…+28 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +28…+30 градус.
Атырауда құбылмалы бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +32…+34 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +27…+29 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +23…+25 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +36…+38 градус.
Қостанайда бұлтты. Жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +23…+25 градус.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +33…+35 градус.
Павлодарда бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус.
Петропавлда бұлтты. Жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +22…+24 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +37…+39 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз +34…+36 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз +35…+37 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +30…+32 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +34…+36 градус.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
