WhatsApp мессенджерін Android операциялық жүйесі негізінде пайдаланатындар үшін өзгерістер енгізіледі. Енді смартфон иелері құрылғыны 2.21.4.18 нұсқасынан жаңартуы керек, себебі қашықтан бұзу қаупіне ұшырайды, деп хабарлайды Stan.kz ақапарат агенттігі.

Бұл өзгерістер туралы Census IT Security Works IT-компаниясының сайты хабарлады.

Census бағдарламаушылары Android үшін WhatsApp 2.21.4.18-ге дейінгі нұсқаларда пайдаланушылар арасында құпия деректерге қол сұғуы мүмкін. Себебі хакерлер хат-хабарламаларға қашықтан қол жеткізе алады және пайдаланушыны сырттай бақылай алады.  Сондай-ақ, алдау мақсатында екі адамның диалогына араласуға мүмкіндіктері бар.

Census Android телефондарындағы барлық жедел хабар алмасу пайдаланушыларына қосымшаны 2.21.4.18 немесе одан жоғары нұсқаға жаңартуды ұсынды. Сарапшылар тапқан осал деректер қауіпсіздігі тұрғысынан маңызды мәселе екенін айтады.

БАҚ деректері бойынша WhatsApp Қазақстандағы ең танымал мессенджер болып табылады. Қосымшаны пайдаланушыларға жаңа пайдалану ережелері мен құпиялылық саясатына байланысты өшіру мүмкіндігі туралы ескертілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!