Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың айтуынша, депутаттар Үкіметтің назарын орман шаруашылығындағы өртке қарсы және құтқару қызметіндегі жүйелі проблемаларға аударып, бірнеше депутаттық сауалдар жолдаған. Бірақ іс жүзінде мәселелер толық шешілмеген. Мұндай салғырттықтың орын толмас ауыр қайғыға алып келетінін өмір көрсетіп отыр.

«Мемлекет басшысы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысында былтыр Қостанай облысында болған өрттен қорытынды шығарылмағанын, берілген тапсырмалар сапасыз орындалғанын қатаң сынға алды. Осыған байланысты болашақта төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет деп санаймыз», – деді депутат.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!